Бірінші бөлімде: Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарға арналған кітаптар мен мерзімді басылымдарда жазылған құнды деректер жинақталды.
Екінші бөлімде: «Рухани жаңғырудың басым бағыттарын айқындап берген Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауына арналды.Үшінші бөлім: «Астана –жерұйығы елімнің» Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Көрмедегі Н.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» Ш. Шанхай «Астана – Қазақстанның жүрегі» кітап – альбом, «Астана» энциклопедиясында, З. Кабульдиновтың «История Астаны», С.Түгел «Астана – жерұйығы елімнің» және т. б. жинақталған әдебиеттер арқыл Астананың кешегісі мен бүгінгісі жайында көптеген мағұлматтар алуға болады. Жалпы көрменің тұсаукесеріне Родина ауылының әкімі Нақан Шалдыбайұлы, өлкетанушы Байдильдин Шөптібай, Родина орта мектептің директоры Дүйсенов Жармұхан және ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары қатысты.
Көрме Рухани жаңғыру аясында жинақталған кітаптар арқылы оқырмандарды жаңашылдыққа қол жеткізу, заманның жетістігін бағындыру, сонымен бірге елдің ұлттық – рухани тамырынан нәр алу, адами құндылықтар, рухани қазына арқылы, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу үшін алар орыны ерекше.