Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Инклюзивті қоғам әлеуметтік теңдіктің жаңа коды» аясында 13 қазан күні Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап «Рухы мықты адамдар» атты танымдық-ойын іс-шарасын ұйымдастырды.

Инклюзивті мәдениет - бұл адамдардың психологиялық қауіпсіздігі сондай-ақ жайлылық пен денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін қарым-қатынас пен өзара әрекеттесудегі құндылықтар жүйесі және қоғамның әр ұжымның дамуының деңгейі. Ол адамдардың бір біріне деген адамгершілік қағидаттары, психологиялық тұрғыдан қауіпсіз, қадір-қасиеті мен өзін-өзі бағалау принцептері екені анық.

Кітапхана ұйымдастырған шара осы түсініктерді мақсат етті. Орталықтағы азаматтардың таным-түсінігін қалыптастыру арналған  ойындар жүйелі түрде ұйымдастырылды. Алдымен азаматарға психологиялық тренингтер, ақыл-ойды қалыптастыруға арналған танымдық сұрақтар, спорт түріндегі және көңіл-күйді көтеруге арналған ойындар шараның маңыздылығын аша түсті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Игі істер морофоны» аясында  кітапханадағы «Сыйлыққа кітап» акциясы шеңберінде кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге арнайы шолу жасалды.  Көрмедегі бірегей басылымдар ұсынған 100-ге жуық кітаптар орталық емделушілеріне сыйға тартылды.

Шара қорытындысы бойынша: кітапханашылар алдына қойған мақсатты жоғары деңгейде орындады. Орталықтағы емделушілердің ойлау қабілетіне  түрткі бола білді, олардың көңіл-күйілер көтеруге бар жағдайды жасады. Емделушілер кітапхана қызметкерлеріне үлкен ризашылықтарын білдіріп, кітапханашыларға деген жылы лебіздерін арнады.

Шара соңында орталықтың әкімшілік жүйесі кітапхана ұжымына алғыс білдіріп, алдағы уақытта осындай бағдарламаларды орталықта жиі ұйымдастырып тұруға ұсыныс білдірді.