Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Құрметті кітап сүйер қауым!

Сәбит Мұқанов (1900-1973) - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі. Сәбит Мұқановтың алғашқы өлеңдері мен поэмалары, мақалалары мен әңгімелері («Көңілім», 1917; «Бостандық», 1919 жж..) 1917 жылдан жариялана бастады. Ол 1924 жылы өлеңдер мен мақалалардан және аударма шығармалардан тұратын «Совет өкіметі һәм қазақ әйелі» атты тұңғыш кітапшасын шығарған.

20 жасынан поэма жаза бастады: «Балбөпе», «Жетім қыз», «Батырақ», «Қанды көл», «Жүйткі, қара айғырым», 1926-1927 жылдары «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы», «Октябрьдің еткелдері» поэмалары, «Ақбөпенің сыры» повесі жарық көрген. 1928 жылы «Сұлушаш» дастаны, 1931 жылы «Адасқандар» романы тағы басқа туындылары жарияланды. 30-жылдары «Майға сәлем» (1933), «Сөз - Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938), тағы басқа туындыларынан замандас бейнесі, қоғам кескіні аңғарылады. Одан соң «Теміртас» (1935), «Есіл» (1937) романдары, «Достар» (1937) повесі, . «Жұмбақ жалау» 1938, «Ботагөз», 1948 ж. т.б. шығармалары жарыққа шыққан.

Сәбит Мұқанов 40-жылдары «Менің мектептерім» романын, «Балуан Шолақ» повесін, «Сырдария» романын, «Поэзия маршалы», «Майданға хат», «Жеңімпаз Қызыл Армия», «Фашизмнің ажалы», тағы басқа прозалық жөне поэзиялық шығармаларын жазды. Прозада ол роман мен мемуарлық әдебиеттің дамуына үлес қосты. 50 жылдары «Шоқан Уәлиханов» драмасын, «Тындағы толқындар» романын жазды. «Саяхаттар», «Туған жердің тыңында», «Тыңда тұнған байлық», «Алыптың адымдары», «Адам-Атаның шоқысында» кітаптарын шығарған.

# bizbirgemiz

Installer-cbs.arkalyk,

Facebook-https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109