Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Орталық кітапхананың оқу залы бөлімінде Сұлтан Бейбарыстың туғанына  800 жыл толуына арналған «Сұлтан Бейбарыс – ерлігі мен өнеге» атты кітап көрмесі жасақталып, шолу жұмыстары жүргізілді. Көрменің мақсаты : Сұлтан Бейбарыстың өмірбаянымен таныстырып, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу. Сұлтан Бейбарыстың құлдықтан әмірлікке дейінгі көтерілген қажырлы еңбегін, мақсат жолындағы табандылығы насихаттау арқылы  тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылықтарын арттыру.

Кітап көрмеде оқырмандарға Мысыр мемлекетінің негізін салушы Сұлтан Бейбарыс туралы мол мәліметтермен таныстырылды. Сұлтан Бейбарыстың ерлігі, батылдығы, табандылығы жайында баяндалды. Құлдықтан әмірлікке дейінгі көтерілген қажырлы еңбегі туралы мағлұматтар түсіндірілді. Бұл көрменің бір ерекшелігі QR-код арқылы Сұлтан Бейбарыстың өмірбаянымен толық таныса алатыны жайында ақпарат айтылды. Кітап көрме жаңа маңызды мағлұматтармен, әдебиеттермен толықтырылып отырады. Құрметті кітап сүйер қауым сіздерді көрмемен танысып, көруге шақырамыз!