Құрметті оқырмандар! Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі оқу залы бөлімінде 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай елімізде болған ірі тарихи оқиғалар мен әйгілі тұлғаларды мәнгілік есте қалдыруда үлкен жобаларға жетекші болған, белгілі қазақ мүсіншісі және еліміздің сәулетшісі ҚР Елтаңбасының авторы Шота – Аман Уалихановтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Сәулет өнерінің кемеңгері» атты танымдық сағаты өткізілді. Шараға мектеп оқушылары тартылып, автор жайлы толыққанды ақпарат берілді. Аталған шара барысында Шота Уалихановтың өмірбаяны мен еңбек жолы баяндалып, қызметтік жетістіктері мен шығармашылығы, оның ішінде сәулетшілік өнері мен әдеби туындылары жеке - жеке таныстырылды. Көлемді өткізілген шараны сіздердің назарларыңызға онлайн формада ұсынамыз.