Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Құрметті кітап сүйер қауым!

Шоқан Уалиханов – Қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, аудармашы, тілші, саяхатшы. Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты, аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Шоқан балалық шағын Құсмұрында өткізді, кейін әжесі Айғанымның тәрбиесінде (қазіргі Солтүстік облысы) де болған. Шоқан ерте есейіп қалып, рухани ілімді барынша меңгерген.
Қазақтың аса көрнекті ғалымы әрі, ағартушысы Ш. Уәлиханов өзінен кейін мол әдеби мұра қалдырды. Өзінің қысқа өмірінде ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихына, жағрапиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектер, сондай-ақ едәуір көлемде қоғамдық-саяси тақырыптарға арналған еңбектер жазып үлгерді. Ол терең энциклопедиялық білімі бар, өз заманындағы ғылымда бірқатар мәселелерді жаңаша көтере білген кемелді ірі ғалым.

#bizbirgemiz

Instagram-cbs.arkalyk,
Facebook-https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109