Құрметті кітап сүйер қауым !
ҚР. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, жазушы Сәбит Досанов 80 жасқа толды. Сәбит Досанов 1940 жылы 12 қаңтарда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында туған. 1985–1989 жж. КСРО әдебиет қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, 1991–1995 жж Республикалық Халық шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығының директоры, 1996–1997 жж. мемлекеттік «Қайнар» баспасының Бас редакторы, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында ұстаздық қызмет атқарған. Африкадағы Дүнду, Қазақстандағы Қостанай қалаларының, Ақсуат, Аманкелді аудандарының құрметті азаматы. Жазушының оқырмандары арасында зор құрметке ие болуына септігін тигізген оның әдебиеттегі мол мұрасы. Қаламгер қаламынан туған шығармаларының ұзын саны 40 кітапқа жуықтаған. Әсіресе, «Тау жолы», «Екінші өмір» романдары, «Жиырмасыншы ғасыр» эпопеясы, «Ақ аруана» повесі оқырман қауымға жақсы таныс. Сәбит Досанов драматург ретінде «Дауыл», «Ертең бюро», «Тозақ шеңбері» және басқа да пьесаларын дүниеге әкелді. Қаламгердің әдеби туындыларының бірқатары орыс, ағылшын, француз және неміс тілдеріне аударылған.
#bizbirgemiz
Installer-cbs.arkalyk,
Facebook-https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109,