Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып, оқуға, білімге деген сүйіспеншіліктерін ояту мақсатында Орталық кітапхананың балалар бөлімі 1қыркүйек білім күніне орай балаларға арналған «Сіздер үшін балалар» атты кітап көрмесін оқырмандар назарына ұсынды.
Бұл кітап көрмесі кішкентай оқырмандардың кітап оқуға баулу және ынтасын арттыру болды.Көрме 3 бөлімді құрады.
1бөлім: «Сен білесің бе?» атты тарихи-этнографиялық кітаптар топтамасынан құралды. Мұнда қазақ халқының салт дәстүрлері, шежірелі жерлері, аңызға айналған жерлері., алтын орда хандары, шығыстың ұлы ғұламалары, ұлы шайқас атты шағын кітапшалары қойылса,
2бөлім: «Буынға бөліп оқимын» атты буынға бөлініп берілген ертегілер Ару мен құбыжық, Ақшақар мен жеті гном, Бремен музыканттары, Гансель мен Греттель, Жабайы қаздар атты ертегілер қойылды, ал
3бөлім: «Мен оқығанды ұнатамын» бөлімі онда балалардың жас ерекшеліктерін және қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген 5-9 жас аралығындағы балаларға арналаған «жануарлар», «жер ғаламшарлары», «ғылым және өнертабыстар», «тарих» жайындағы кітаптар оқырман балалар назарына ұсынылды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мына бір өлеңінде:
Балалар бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер,оқып байқап қаралықта.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық-өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та ! дегені, оқушының біліктілік танымын өмірмен байланыстырады. Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі,ескінің сөзі. Ол –мәңгілікке сапар шеккен асыл ескерткіш.
Қ.Ш. Дүйсенбаева
Балалар бөлімінің кітапханашысы