Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Құрметті кітап сүйер қауым!

Сіздердің назарларыңызға Сырбай Мәуленовтың «Сырбайдың сыршыл әлемі» атты әдеби сағатымызды ұсынамыз. Талантты ақын, жыр алыбы Сырбай Мәуленов 1922 жылы қыркүйектің 17 жұлдызында Қостанай облысы Жанкелді ауданының Торғай кентінде туған.
1940 жылы Қызылорда педагогика институтының екінші курсынан азаматтық әскери борышын өтеу үшін совет Армиясына шақырылады.
Ұлы Отан соғысының алғашқы шайқасына қатысып, ерлік көрсетеді. 1943 жылдың қараша айында қатты жарақат алып елге оралады. Отаны үшін от кешкен майдангер ақын Сырбай Мәуленовтың өмірі ұрпаққа үлгі. Майдангер Сырбай Мәуленов Қостанай облыстық «Большевиктік жол» газетінде тілші қызметінде жүріп майданда соғысып жатқан жерлес жауынгерлер туралы очерктері оқырмандардың жүрегіне жол тауып, оларды одан сайын жігерлердіре түсті.
#bizbirgemiz
Instagram-cbs.arkalyk,
Facebook-https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109