Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Құрметті кітап сүйер қауым!

Ұлы Отан соғысы Халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Ал, Жеңіс, Жеңіс деп сүйіншілеген осы дауыста, адамзат баласы соғыс басталғалы бері 4–жыл, 1418–күн мен түн күткен болатын. Соғыс – күйретуші күш. Ия, дәл солай! Барда жоқ етет, тауды жер етет. Салқыны сан жылдарға созылған сол бір сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 75–жыл!

Осы уақыт ішінде отты жылдардың қасіреті тарих қойнауына еніп, кейінгі ұрпаққа естелік ретінде айтылуда. Алайда, өткен күннің зардабы ешқашан ұмытылмақ емес. Әрқашан жадымызда жаңғырып тұрады. Өйткені бұл соғыс өрімдей жастың балалық шағын ұрлады, талай азаматтың өмірін қыршының қиды, әйелді жесір, баланы жетім етті. Ұлы Жеңіске қазақстандықтарда зор үлес қосты. 1 миллион, 300 мың қазақстандық жауынгерлер қолдарына қаруларын алып, майдан даласында жан аямай ұрыс жүргізіп, жеңіс күнің жақындатты. Қазіргі ұрпақ олардың ерлігіне бастарын ие отырып, ұлы отан соғысына байланысты тарихты мәңгі есінде сақтайды. Олардың бірі Аңғар ауылының тұрғыны Ахметов Қазымбек атамыз Ұлы Отан соғысына барып келген. Ахметов Қазымбек 1926 жылғы 25 наурызда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының №7 ауылында туған. Әскер қатарына Аманкелді әскери комиссариаты арқылы 1944 жылы алынған. Соғыста 47–атқыштар полкінде пулеметчик болған. Соғыс аяқталғаннан кейін өзінің кезекті әскери борышын өтеп, 1950 жылы елге оралған. Еңбекке араласты, қырық жылдай жауапты қызметтерді атқарды. Аманкелді ауданында халық сотының хатшысы, «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы совхозда шаруашылық басшысы, Ленин атындағы мектеп–интернат директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары, Арқалықта «Казсельхозтехника» мекемесінде есепші, «Аңғар» совхозында жанар–жағар май қоймасының меңгерушісі болды. 1986 жылы зейнеткерлікке шыққан. Үйленген, алты баласы бар. Алған наградалары: || дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері» және 7 мерекелік медальдары бар. 1997 жылы қайтыс болды.

Құрметті соғыс ардагерлері, сіздердің еш теңдесіз ерліктеріңізге қашанда басымызды иеміз. Отанды сүю, оған қалтқысыз еңбек ету мен қайсар ерліктеріңіз кейіңгі ұрпақтар үшін мәңгі үлгі болып қала береді.

#bizbirgemiz

Installer-cbs.arkalyk,

Facebook-https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109