Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Құрметті кітап сүйер қауым!

Біздің көне Торғай өлкесі таланттарға өте бай. Сондай тума таланттардың бірі, әрі бірегейі Қарлығаш Жақыпбекқызы. Аманкелді ауданы Сарыторғай кеңшарындағы Б.Майлин атындағы орта мектебін 1967 жылы бітіріп сол мектепте бір жыл қызмет атқарып, 1968 жылы Алматыдағы қыздар педогогикалық институтының музыка педогогикалық факультетіне оқуға түсіп оны 1972 жылы үздік бітіріп шығады. Міне осы жылдардан бері ұстаздық жолда аяанбай еңбек жасап тер төгіп келе жатқан ұстаз. Осы қырық сегіз жыл ішінде оқыған оқуының қызығын көрді. Өзінде өнерге шыңдады, қаншама талантты жастардың өнерін танып, оларды тәрбиелеп шығарды. 1983 жылы Республикада тұңғыш рет Н.К.Крупская атындағы орта мектеп оқушыларынан фольклорлық "Өрімтал" ансамблін құрып, ол ауданда обылыста, Республикада жеңімпаз болып концерттік бағдарламасы Республикалық теледидардан 45 минут насихатталды.

 Республикалық алтын қорға кірді. 1986-1987 жылдарда Аманкелді орта мектебі жанынан "Рауан", 1988-1993 жылдарда Құмкешу орта мектебі жанынан "Домбыра-дастан", 1994-2000 жылдары Ы.Алтынсарин орта мектебі жанынан "Шаттық" атты фольклорлық ансамблдер құрып, жас бүлдіршіндерді өнерге баулып, халқымыздың музыка саласындағы асыл мұрасының кәусәрімен сусындатты, халыққа өнердің не алуан түрін ұсынды. Осы "Домбыра-дастан" ансамблі 1990 жылы Республикалық "Алтын Алма" байқауының, 1991 жылы Қостанай обылыстық және Республикалық "Музыкалы бәйшешек" байқауының жеңімпазы болып, 1993 жылы Қазақстан Республикасы атынан Түркияда өткен бүкіл Әлемдік балалар фестиваліне қатынасып жүлделі орын алды.

Қазақстан атын алыстағы ауыл балалары Әлемге паш етті. Балалар өнері алтын қорға кірді. Қарлығаш Жақыпбекқызы қай мектепте жұмыс атқарсада сол мектептің өнерлі жастарын танып, іріктей біледі. 2001 жылы Арқалық қаласының мәдениет сарайы жанынан "Еркежан" атты топты ұйымдастырды. Осы топ 2002 жылы Қостанайда өткен обылыстық "Айгөлек" байқауында II-орны, 2003 жылы "Роза Бағланова шақырады" атты республикалық қайырымдылық концертіне қатынасса, 2004 жылы "Бозторғай" атты халықаралық байқаудың дипломанты болды. Сол жылы "Еркежанның" лазерлік дискісі шықты. Киелі Торғай төсіне облыстық, республикалық байқауларда жеңімпаз атанып, талай биік белестерді бағындырған Арқалық қаласының “Қазына” ардагерлер ансамблінде музыкалық жетекшілік жасап, кейінгі жас ұрпаққа үлгі болып отырған ұстаз

Қарлығаш Жақыпбекқызы Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, ұстаз, музыкант «Еңбек ардагері» және Егеменді еліміздің «Астана» медалімен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталды. Бүгінде елімізге танымал өнер адамдарының талайының талантын танып, тәрбиелеген ұстаз Арқалық қаласында тұрады.

Құрметті Қарлығаш Жақыпбекқызы Арқалық қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі сізді мерейлі мерей тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

# bizbirgemiz

Installer-cbs.arkalyk,

Facebook-https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109