Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Ұстаз…  Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп.

Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екенОсындай қасиеттерді бойына  жиған  ұстаздарымыз: Ләззат Тұрғынбайқызы, Шөменова Жансая  Қыдырбекқызы, Қоғабай Лида Әмірқызы, Фазылова Жанат  Бақытқызы, Еркенова Гүлнар Бақытқызы мен оқырмандар арасында Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде   «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты  кездесу кеші болып  өтті.

Кітапхана директоры  Дәмет  Құсайын,  ауылдық дәрігерлік амбулатория  басшысы   Жамал Байбуллина, ата – аналар  Айткулова  Жұмабике,    шәкірттері ұстаздарға арналған өлең-шумақтары арқылы  шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебізін, жылы тілегін білдірді. Сонымен қатар « Сіздер үшін  мұғалімдер!» деген тақырыпта  мұғалімдерге арналған әдістемелік оқулықтар мен мерзімді басылымдарға шолу жасалып, АРПИ студенттері әннен шашу –шашты.

“Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” — деген Бауыржан Момышұлы.
Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік  !                  

 

Қырмызы Дүйсенбаева  

Арқалық қаласының ОКЖ кітапханашысы