Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Орталық кітапханада қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына арналған «Сырбай лирик ақын» атты арнау көрмесі ашылды.

Көрмеге қойылған құнды кітаптар Сырбайдың сыршыл өлеңдерін, оның шығармашылығын, ақын туралы жазылған еңбектерді оқырман назарына кеңінен ұсынылуда. Кітапханашы Раушан Қабденқызы оқырмандарды ақын өмірбаянымен таныстырып, кітаптарына шолу жұмыстарын жүргізді.

Арнау көрмеге 20-ға жуық ақын кітабы және ақын туралы жазған пікірлер, газет беттерінде жария болған мақалалар, өлеңдері толық таныстырылды.

1968-1975 жылдар аралығын қамтитын «Өлеңдер» бірінші бөлімі, «Алыс кетіп барамын» топтамасы, «Өлеңдер, поэмалар, балладалар, аудармалар» т.б жинақтары оқырмандарымыздың қызығушылығына бөленді. Барша оқырмандарымызды Сырбай мұраларымен танысуға шақырамыз.

#Сырбай100жыл #АрқалықОКЖ