Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде түркі дүниесінің рухани байлығын кеңінен танытқан «Түркі тілдері – ортақ мұра» атты мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Танымдық бағыттағы бұл бастама Арқалық қалалық тілдерді оқыту орталығының қатысуымен жүзеге асып, оқырмандарға арнайы шолу ұсынылды.
Кітап көрмесі үш мазмұндық бөлімді қамтыды. Алғашқы бөлімде түркі тілдерінің тарихи бастаулары мен қалыптасу кезеңдері туралы құнды деректер ұсынылса, екінші бөлімде әдеби-тілдік мұралар, көрнекті ғалымдар мен ойшылдардың еңбектері таныстырылды. Үшінші бөлімде тілдің тәуелсіз ел болашағындағы орны мен маңызы кеңінен насихатталды.
Көрмені қорытындылау барысында оқырмандарға арналған викториналар мен танымдық тапсырмалар арқылы белсенді қатысушылардың білім деңгейі сараланып, олардың түркі тілдері жөніндегі танымы мен қызығушылығы айқын көрініс тапты. Атап айтқанда, Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің оқырмандары көрмеге белсене қатысып, өз білімдері мен қызығушылықтарын көрсетті.
Танымдық басқосудың қорытынды сөзін Арқалық қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының басшысы Жұмабаева Алмагүл Сейтжанқызы мен Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Құсай Дәмет Есенжолқызы сөйлеп, түркі тілдерінің бүгінгі маңызы мен келешектегі даму бағыттарына тоқталды.
Түркі тілдерінің тарихы мен болашағын ұлықтауға бағытталған бұл тағылымды кездесу қатысушыларға рухани әсер сыйлап, ана тіліне деген құрметті арттыра түсті.