Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ ЖЕЛТОҚСАН»

Ел егемендігінің 30 жылдығына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай Орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен Родина мәдениет үйінің бірлескен «Тәуелсіздік бастауы желтоқсан» атты ауыл көркемөнерпаздарының мерекелік тақырыптық кеш өткізілді. Шараға ауылымыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ері Байжан Әмірұлы, өлкетанушы, қолөнер шебері, Арқалық қаласының құрметті азаматы Шөптібай Байділдин және кітапхана басшысы, Желтоқсан оқиғасына қатысушы Дәмет Есенжолқызы арнайы шақырылды.

Салтанатты кеш мемлекеттік әнұран және Желтоқсан құрбандырын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланумен басталды.

Құрметті қонақтар, құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жеткен жетістіктеріне тоқталды! Жастарға өз елінің тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын құрметтеуге және білуге үндеді.

Шараның екінші бөлімі ауыл өнерпаздарының арнайы дайындаған шағын концерттік бағдарламасына ұласты. Алдымен көркем сөз оқушылар ақындарымыздың Тәуелсіздік турасындағы толғанған жырларын нақышына келтіріп оқыды.

Шара барысында қалалық ән байқауларының жеңімпазы Аружан Таласова, «Түрлі арман» әнімен ән шырқаған ауылдық дуэт, тағыда басқа өнерпаздардың өнері көпшіліктің ықыласына бөленді.

«Ауылымыздың мәдениетіне кітапхана ұжымы мен Мәдениет үйі өлшеусіз еңбек сіңіріп жүр. Бұған барлығымыз бүгін кеште куә болдық. Мұндай шараны ұйымдастырудың өзі қыруар шаруа, ауылдық деңгейдегі бүгінгі шараның деңгейі жоғары деді, Шөптібай Байділдин.

Шара соңында кітапханашы Айгүл Алимгазина кітапхана қорынан жасақталған «30 жұлдызды күн – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жұлдызды шыңы» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасады.

 

Айтжан ҚҰРЫМҒАЛИҰЛЫ,

Орталықтандырылған кітапхананың библиографы