Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаныңдаРодина ауылында Орталық кітапханада оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен  «Тәуелсіздік – елімнің  ерлік жолы»  атты мерекелік  іс шара болып өтті. Жас ұрпаққажелтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді ұғындыру. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту және оқырмандардың дүниетанымын кеңейту мақсатындажелтоқсан оқиғасының куәгерікітапхана жүйесінің  директоры Құсайын Дәмет Есенжолқызымен оқырмандармен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Кешімізде Родина ауылының әкімі Шалдыбаев Нақан Шалдыбайұлы,  Родина жалпы негізгі мектебінің директоры Дүйсенов Жармұхан Әділбекұлы сөзсөйлеп ауыл тұрғындары мен  оқырмандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, 9 сынып оқушылары желтоқсан оқиғасы мен Қайрат Рысқұлбековтың сотының көрінісін сахналады, арты мерекелік ән шашумен ұласты. «Тәуелсіз елім – тұғырың  сенің  биікте» тақырыбында кітап көрмесі құрылып шолу жасалды.

Тәуелсіздік күніне орай  Облыстық жасөспірімдер театырында өткен қалалық салтанаты  жиынға «Тәуелсіздік елімнің –ерлік жолы» тақырыбында  кітап көрмесін  апарып  қала халқына шолу жасадық.  Көрмедегі әдебиеттер туралы «Арқа дидары» телеарнасы арқылы хабарлама жасалды.