Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 25 қазан - Республика күніне орай кітапханамызда «Туған елім, ұлы өлкем» атты патриоттық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты - оқырмандарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи кезеңдерін таныстыру, Республика күнінің маңызын түсіндіру, ел тарихына деген қызығушылықтарын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушыларға Республика күнінің тарихы мен маңызы туралы кеңінен мағлұмат берілді. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдануы еліміздің тәуелсіздікке бастар маңызды тарихи қадамдарының бірі болғаны атап өтіліп, бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, елдің саяси, экономикалық және мәдени жетістіктері туралы айтылды. Сонымен қатар, туған жер, Отан, ел бірлігі мен тәуелсіздік тақырыптарына арналған «Елімді қаншалықты білемін?» атты викторинасы қойылып, мақал-мәтелді жалғастыр ойыны ойнатылды.






