Кітапханамызда «Туған жердің табиғатын қорғайық» атты әдеби бульвар оқырмандар назарына ұсынылды. Туған өлкенің көркем табиғаты, оның адам өміріндегі маңызы туралы мазмұнды әңгімелер өрбіп, табиғатты қорғау тақырыбындағы көркем және танымдық әдебиеттерге шолу жасалды






