«Туған жерге деген сүйіспеншілікпен...»
Кұрметті оқырмандар! 2021 жылдың 22 қыркүйек күні Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің абонемент бөлімі Арқалық қаласынның құрылғанына 65 жыл толуына орай «Туған жерге деген сүйіспеншілікпен...» атты өлкетану кешін өткізді.
Бұл - шараға қаламыздың мәдениетіне, біліміне, көркейуіне өздерінің үлестерін қосып жүрген қонақтарды шақырылды. Родина ауылдық окуругының ардагерлер кеңесінің төрағасы Байжан Әмірұлы және Торғай өңірінің белгілі азаматы, ұлт мәдениетінің жанашыры, қазақ ою-өрнектерін зерттеумен айналысып жүрген өнертанушы, қолөнер шебері Шөптібай Байділдаұлы Байділдин, кітапхана басшысы Құсайын Дамет Есенжолқызы қатысып өз ойларын ордаға салды.
Іс - шара барысында Шөптібай Байділдин қала тарихына тоқталып, оқырмандарға өлкеміз туралы мол мағлұмат айтып берді және де қала күнімен құттықтады. Жалпы кітапхана - адамдардың басын қосу, білім беру мүмкіндігі бар бірден-бір парасатты мәдени орын болғандықтан, ұлттық мәдениеттің мәйігін насихаттау мен дамыту баршамыздың парызымыз бен міндетіміз екені анық. Арқалық бақ қонған, қыдыр дарыған қала, осындай қасиетті қаламызға арналған жалынды жас ақындарымыздың жүрекжарды жырлары көрмендердің қызығушылығын оятты.
Бұл іс шараға «Атамекен - алтын бесік» атты үлкен арнау көрмесі ұйымдастырылды. Арнау көрмесіне өз өлкеміздін тарихы мен ұлы ғалымдары, ақындар мен жазушылар, көптеген қоғам қайраткерлері туралы жазылған кітаптар мен түрлі фота суреттер, альбомдар т.б. материалдар жинақталып көпшілік назарына ұсынылды. Көрмені таныстыруда қаламыздың өркендеп-дамуына өз үлестерін қосқан азаматтардың қажырлы еңбек жолы көрменің маңыздылығын аша түсті. Арнау көрмесіне бірегей басылымдар ұсынған кітаптар ғана қойылды. Көрмені оқу залының кітапханшысы Мурзагалиева Жаңагүл Серікқызы шолу жасап оқырмандарымызға насихаттады. Кеш соңы мерекелік ән шашумен қорытындыланды.