Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі ауыл кітапханашыларына арналған «Виртуалды кеңістіктегі ақпараттық мәдениет» атты әдістемелік зерделі кеңесі өткізді. Аталмыш семинарға ауыл кітапханашылары белсенді ат салысты. Орталық кітапхананың әдіскері Л. Баяхметқызы «Ақпараттық қоғам және интернет» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Әлеуметтік желілердің маңыздылығы оның кітапхана саласында дұрыс пайдалана білу мақсатында оқу залы бөлімінің кітапханашысы С. Мұратқызы практикалық баяндама ұсынды. Жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашы М. Мейрамбекқызы кітапханашыларға арнап тренинг өткізді. Тренинг – кітапханашылардың білімділігіне және тапқырлығына арналды. Библиограф А. Құрымғалиұлы заман талабына сай, кітапхана жұмысын түрлі әлеуметтік желілерде жандандыру үшін «Мобилография және қосымшалар» тақырыбында баяндама жасады. Телефонды пайдалана отырып сурет/бейнебаян түсірудің және ол бейнебаяндарды өңдеу жөнінде ақпараттар ұсынды.

Зерделі кеңестің қорытынды бөлімінде ауыл кітапханашыларының ішкі жұмыстары талқыланып, ұсыныстар мен түзету жұмыстары қаралды.