29 қыркүйек күні Л. Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ы. Алтынсариннің облыстық мемориалды мұражайы ұлт ұстазы Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ы. Алтынсарин мұрасын зерттеу мен ілгерілетудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.
Секциялық отырыста республикаға белгілі тарихшы-ғалымдар, ыбырайтанушылар, кітапханашылар, мұражай қызметкерлері қатысып Ыбырай тағылымы жайлы тың деректермен, ұсыныстар бөлісті. Конференцияға Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Құсайын Дәмет Есенжолқызы және кітапханашы-библиограф Айтжан Құрымғалиұлы қатысты. Шара онлайн форматта өтті.