Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі оқыту-ағарту саласының озық қызметкері, ұлғатты ұстаз, Арқалық қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғапбасұлының 75 жасқа толуына орай "Дара жол" атты кездесу кешін өткізді.

Шара барысында кеш қонағымен сұхбат болып, көпшілік Ж. Ғапбасұлының өмірбаяны және қызметтік белестерімен толыққанды таныс болды. Кездесу кешіне қаламыздың зиялы қауым өкілдері шақырылып, олар Ж. Ғапбасұлының азаматтық болмысын, еңбек қорлығын, қай істе болмасын жауаптылығын алға тартып, мерейгерді 75 жасқа толуымен құттықтады. Ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі М. Абдысалықов кешті музыкалық бағдарламамен көркемдеді.

Әдістеме-библиографиялық бөлімінің ұсынумен Ж. Ғапбасұлының 75 жасқа толуына арналған жаднама таныстырылып, кеш қонақтарына табыс етілді. Шараның қорытынды бөлімінде кітапхана директоры Д. Есенжолқызы сөз сөйлеп, ұжым атынан мерейгерге сый-сияпат табыс етті.

#АрқалықОКЖ #ЖәнібекҒапбасұлы #кеш