Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Көрменің бірінші бөлімі «Дамудың тың серпіні» деп аталады. Бұл бөлімге  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын насихаттай отырып, «Еліміздің қоғамдық – саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидамыз»  - деген сөзін басшылыққа алып, еліміздің дамуының тың серпіні туралы әдебиеттерден кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Елімізде халық санының өсуі мен өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру жайлы.  Сыбайлас жемқорлық пен белсенді күресті жалғастырып, бюрократияны азайту қажеттігін. Мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиістігіне тоқталған болатын.

Көрменің екінші бөлімі  «Рухани қазына – халық игілігі» деп аталады. Бұл бөлімде  Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру –болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын басшылыққа ала отырып,  рухани қазыны –халқымыздың игілігі туралы,  Қазақстанның өркениетті елдер қатарында, жеткен жетістігімізді айқындайтын, рухани азық әдебиеттерден кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ұлы дала тарихын,  ғылым, білім, мәдениет пен табиғатын,  ұлы даланың ұлы есімдерін қамтитын әдебиеттер және Абайдың 175 жылдығына орай рухани қазынамызды кеңейту мақсатында Ұлыларды ұлықтау туралы Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың баспасөз басылымдарындағы мақаласы орналастырылып насихатталуда.

Көрменің үшінші бөлімі «Жаңа әліпби – ел таңдауы» деп аталады. Бұл бөлім латын әліпбиіне негізделген жаңа әліпбиді жарнамалау негізінде ұйымдастырылған көрме.  Қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығын, болашақ есігі латын әліпбиінде екендігі жөнінде жарияланған баспасөз беттеріндегі мақалалар қойылып, жаңа әліпби негізінде жазылған әдебиеттер  оқырмандарға насихатталуда.

Мурзыгалиева Жанагүл С.

Оқу залы бөлімінің кітапханашысы