Бүгін кітапханамызда ерекше қуаныш пен мейірімге толы күн өтті. Қонаққа Арқалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен жүректерінде мейірім, жүздерінде шуақ бар ерекше жандар келді. Олар үшін «Жақсылықты жүрекпен сезінейік» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Ке аясында «Шын жүректен – кітап сыйла» атты мазмұнды кітап көрмесі ұсынылып, қонақтар назарына түрлі әдебиеттер таныстырылды. Сонымен қатар түрлі ойындар ойнатылып, музыкалық билер ұйымдастырылды. Қонақтар көтеріңкі көңіл күйде би билеп, шат – шадыман күй кешті. Бұл күн – өмірег ерекше көзқараспен қарайтын, жүректері кең, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін шынайы мейрамға айналды. Кеш соңында кітапханамыздың атынан естелік ретінде кітаптар тарту етіліп, сый – құрмет көрсетілді. Мейірімділік пен ізгілікке толы шара бәріміздің жүрегімізде жылы әсер қалдырды






