Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

12-қазан Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандардың күніне орай Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапханасының балалар және оқу залы бөлімдері “Жан жылуын төккен алақан” және “Жаным толы жақсылық” тақырыбында қамақорлық сағатын өткізіп,қайырымдылық акциясын жасады. Акция аясында Родина ауылының мүмкіндігі шектеулі балалардың тобына жататын Нұрғалиев Дінмұхамбет және Клачкова Надежда атты балақайлардың отбасына арнайы ат басын бұрып,бірге уақыт өткізіп, өз қолдарынан шыққан түрлі қолөнер бұйымдарымен,салған суреттерін көріп,түрлі құрастырылмалы ойыншықтар ойнап,ертегі кітаптармен балаларға арналған журналдар табыс етіліп,тәттілер мен қоса қуаныш сыйлап қайтты.

Сіздердің бойларыңыздан табылатын мейірімділік пен сабырлылық,төзімділік пен қайсарлық сияқты адами қасиеттеріңіз бен өзгеге үлгі боларлық өмірге деген құштарлықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.