Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Құрметті кітап сүйер қауым!

Ұлы Жеңіске 75 жыл. Осы «Жеңіс» -атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кеткендердің бірі менің атам Галиеев Рашид 1923 жылы Қостанай облысы Аманкелді ауданында №4 ауылда дүниеге келген. 1941 жылы қазан айында майданға алынып, Ташкент қаласындағы телеграфистер дайындайтын мектепті бітіргеннен кейін, Калининград майданында 17- танк полкінің штабында радиобайланыс штабында бастық болған. Осы полкте Воронеж майданы, Курск доғасы бағытындағы соғыстаерлікпен шайқасқаны үшін «Ерлігі үшін» медалі тапсырылып, КПСС қатарына қабылданған. 1943 жылдың шілде айында 17 полк 1 Украина майданы құрамына өтіп, 69-гвардиялық танк бригадасы атанады. 1944 жылы 1 қаңтарда Конотоп қаласы ұшін ұрыстағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады. Осы жылы танк полкі Висла өзенінен өтіп, Тернополь қаласын жаудан азат етуде көрсеткен ерлігі үшін ІІІ дәрежелі «Данқ» орденімен, Потстам бағытындағы шайқаста І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталады. 1945 жылы 20 қаңтарда аяғынан ауыр жараланып, Кубышев қаласындағы госпитальде жатып емделіп, мүгедек болып елге оралады. 1946 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін есеп қызметтерінде көп жыл еңбек етеді.

# bizbirgemiz

Installer-cbs.arkalyk,

Facebook-https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109