XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүрген ұлтымыздың көрнекті ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған «Жол табалық ақылмен» деген тақырыпта поэзия кеші өтті. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т.б. жыр жинақтары мен поэмаларынан үзінді оқылып, АРГПИ студенттері Ажар Қасымхан, Бекзат Мейрамұлы «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты әндері орындады. «Ұлт рухының шырақшысы» арнау көрмесі құрылып ақынның шығармаларына шолулар жасалды.