Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

2026 жылы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында биылғы жылға оқуға таңдалған туынды – қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Қабдеш Жұмаділов жазған Тағдыр романы.
Осыған орай Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапханасында арнайы стенд әзірленіп, жазушының өмірі, шығармашылығы және романға қатысты маңызды пікірлер топтастырылды.
Стендте «Тағдыр» шығармасының мазмұны, идеялық ерекшелігі мен тарихи көркемдік қырлары жөнінде қысқаша мағлұматтар беріліп, оқырманға жазушы мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік ұсынылады.
Оқырмандарды кітапханаға келіп, Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылық әлемімен және «Тағдыр» романының мән-маңызымен танысуға шақырамыз.