«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ Орталық кітапханасында абонемент бөлімінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акция бойынша 2020 жылы ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы.
Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдалды. Абонемент бөлімінде жарнама көрмесі дайындалып оқырмандарға насихатталды.
Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы- қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Төрт томдық романның әр кітабының құрылымы мен стилінің бірін-бірі қайталамауының өзі де жаналық еді. Бірінші кітап жас Абай қызықтаған жастық романтикасына негізделіп, оның ел тіршілігімен танысып, ашылуын бейнеленсе, екінші кітапақындыққа, ойшылдыққа бетбұрысты танытады. Мұнда жастық романтикасының орны, адамдар арасындағы тартыс айтылады. Үшінші кітап Абайдың өз ортасынан бөлініп шығып, туған халқымен табысуын, халыққа бетбұрысын танытса, төртінші кітапта Абай жолының кеңейіп, қалаға, далаға тарауын, оның үлкен қоғамдық күшке айналуын көрсетеді.
Әнуар Әлімжанов «Ұстаздың оралуы» романы - орта ғасырда өмір сүрген Ұлы ғалым Әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасаған арнау көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеде Әл –Фарабидің шығармашылық мұрасын оқырмандарға таныстырылды.
Абонемент бөлімінің кітапханашысы Әлімғазина Айгүл