Сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті" тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Арқалық қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығының міндетін атқарушысы, азаматтық қорғау капитаны Мерей Мұханбетжанов және Родина ауыл округының участок инспекторы Текенов Бауыржан Қасымұлы қатысты.
Іс-шара қонағы Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мобильді алаяқтарға жол бермеу, қауіпсіздік ережелер, өрт қауіпсіздіктері жөнінде оқырмандар арасында түсіндірме жұмыс жүргізді. Болашақ жастардың қолында екенін, жас ұрпақтарымыз - мәдениетті қалыптастыру, алдағы мақсат екендігін, жемқорлықтың зардабы туралы айтты. Іс-шара соңында кітапхана басшысы Д.Құсайын танымдық әңгімесі үшін алғысын білдірді.