Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Жыл таңдауы -2024» 

Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына арналған «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Жыл таңдауы -2024»  тақырыбында  әдеби бульвар өтті. Соқпақбаевтың көптеген шығармалары жас оқырмандарға арнап жазылған. Адамның әрбір кезеңі оның шынайы қуанышына толы. Осы тұрғыдан алғанда, қаладан атасына келіп, басынан қызықты ауыл өмірін өткерген қалалық қыз туралы «Аяжан» атты әңгімесі шынайы қызығушылық тудырады.

Жазушының кейінгі шығармаларының ішінде махаббат, сұлулық тақырыбына арналған «Қайдасың, Гаухар?» атты тамаша әңгімесі бар.

Бердібек Соқпақбаевтың барлық туындыларында оның шығармашылығының қайнар көзі халық өмірінен бастау алғаны сезіледі. Жазушының бейнелеу қабілеті өте бай. Ол өз кейіпкерлерінің портетін шебер суреттеп, әрқайсысын өзіне тән тілде сөйлетеді. Осы шығармаларын кеңінен таныстыру мақсатында жыл бойы көптеген  іс-шаралар жалғасуда. 

Абонемент кітапханашысы Жанагүл Серікқызы  жиналған қауымды  жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасымен таныстырып, көрмедегі әдебиеттерге шолу жасалды. Мұнда жазушы шығармалары бойынша викториналар, әдеби ойындар, дауыстап оқулар да өткізілді. Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары топтасқан бүктемелер  таратылды.

Шара барысында әдеби бульварға қатысушылардың ізгі тілектерін білдірді, естелік суретке түсіп, әдеби бульварға деген қызығушылықтарын білдірді.

"}" data-sheets-userformat="{"2":8705,"3":{"1":0},"12":0,"16":10}">{gallery}images/--bako/2{/gallery}