Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен 23 - сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Жас қаламгер - жарқын болашақ» атты өлкемізден шыққан жас та болса бас боп жүрген, бойына өнер дарып, өлең қонған поэзияның перезенттері Ернұр Әуехан және қаламызға белгілі ақын қызымыз Гүлназ Жақиямен кездесу кеші өтті.

Кездесу кешіне кітапхананың тұрақты оқырмандарымен қатар, алыс - жақыннан келген Ернұр мен Гүлназдың өнердегі, өмірдегі тілектес достары және Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебінің 10 - 11 сынып оқушылары белсене қатысып, ақын өлеңдерімен, шығармашылық әлеміне қызығушылық танытты. Кеш барысында қонақтардың құрметіне орай әсем ән де шырқалып , күй де орындалды. Кеш жүргізушісінің дайындаған сұрақтарына мүрдірмей, ағынан ақтарыла жауап берген ақындарымыз кештің сәні мен мәнін одан ары аша түсті. Іс - шараның соңғы бөлімінде «Ақынға қара сөзден өлең оңай» дей отырып кездесу кешіне келген ақындарымыздан қонақ кәде сұралды, сахна төрінде ақындарымыз өзінің жүрегінен жарып шыққан өлеңдерін кезек - кезегімен оқып, оқырман назарын өздеріне аударды. Өзінің жақында шыққан «Өлеңімде өмір сүріп келесің» атты кітабын қолтаңбасымен кітапханаға сыйға тартты. Кітапханашы қызметкерлерге арнап «Кітапхана ұжымы ерлеп тұрсың» атты арнау өлеңін тарту етті. Кездесу соңында кітапхана басшысы Дәмет Есенжолқызы сөз сөйлеп, ақындарға алғысхат пен кітап табысталып, естелік суретке түсіп, кеш қортындысын жасады.