Восточный ауылының кітапханасында «Ата заң- азат елдің ар намысы » атты Конституция күніне орай ақпарат сағаты өтті. Бұл іс-шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Кітапханашы қатысушыларды білім күнімен және мемлекеттік мерекемен құттықтай келе бұл мейрамның маңыздылығына тоқталды. Келушілер назарына Қазақ хандығы тұсындағы Конституциялар туралы, ҚазКСР Конституциясы және Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Конституция туралы мәлімет берілді. Іс-шара соңын оқырмандарымыз жаттап келген тақпақтарын айтты.