Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс.

Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000 - ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.

Биылғы   жылы сұрапыл соғыстың аяқталғанына 31 жыл толып отыр. Ауған соғысының   қанды қырғынынан аман –есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мыңға жуық қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласында   жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған Қазақстандық орден-медалдармен марапатталды.

Қазіргі таңда Ашутасты ауылымызда ауған соғысының жалғыз ардагері Улитко Василий Васильевич атты қаһарман ағамыз тұрады. Ардагерімізбен Ашутасты ауылы кітапханасында кездесу өтті. Кітапханаға жиналған оқушылармен, оқырмандар ардагерімізге өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып, ардагеріміздің қызу әңгімесіне ұласты.

Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлесіміз қашан да аман болсын дегіміз келеді.

 

Ашутасты ауылының кітапханашысы  Аймаганбетова Роза