Екідің ауыл кітапханасында Ауғаныстанның 30 жылдығына арналған “Ауғанның от жалыны” атты тақырыптық кеш өтті. Кеш Ауған соғысынан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздік пен еске алумен басталды. Тарих пәнінің мұғалімі Рахымет Рахима “Ауғанстан жазылмас” тақырыбында баяндама оқып, 6-7 сынып оқушылары ардагерлерге арнап жазылған өлең жырларын оқып, ән салып, би биледі. Сондай-ақ “Ауғанстан жүректегі жара” тақырыбында слайд көрсетіп, көрермендерге осы соғысқа қатысқан жауынгерлер діңерліктері туралы айтып бердім. Сонымен қатар «Қара майор» атанған Б.Керімбаевтың Ауған соғысы кезіндегі ерліктері мен естеліктері жайлы баяндалды. Кештің негізгі мақсаты жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту болып табылады.