Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Аққошқар ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ағартушысы, педагог әрі жазушы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты – оқырмандарды қаламгердің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оның бала тәрбиесіндегі еңбектерін кеңінен насихаттау, жас ұрпақты білімге, адамгершілікке және еңбекқорлыққа баулу.
Көрмеге жазушының балаларға арналған әңгімелері мен өлеңдері, өмірбаяны туралы кітаптар, сондай-ақ ағартушылық қызметін танытатын әдебиеттер қойылды.Шара барысында оқырмандарға жазушының «Кел, балалар, оқылық!», «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» сияқты тәрбиелік мәні зор шығармалары таныстырылып, олардың мазмұны кеңінен түсіндірілді.
Көрме балалардың қызығушылығын арттырып, қазақ балалар әдебиетінің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.