Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойына Ашутасты ауылдық  кітапханасында "Ғасырда бір рет туатын ерекше адам" тақырыбымен тарихи сағат өтті. Мақсаты:Амангелді Имановтың ерліктерін баяндап, оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту,ерлікке, елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу.

Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға байланысты өткен іс - шарамызға мектеп оқушылары белсене қатысты. Батыр туралы ойларымен бөлісті. Болашақта елін, жерін қорғайтын батыр болуға тырысатын азамат боламыз деп сөз берді.