Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Кітапхана – рухани ордасы»

 «Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесіне 15 ауыл кітапханасы қарайды. Кітапханада 23 қызметкер жұмыс жасайды. Кітап қоры 79153 дана әдебиеттерді құрап отыр. Жыл сайын кітап қоры мемлекеттік сатып алу, сыйға тартқан кітаптармен, жаңа басылымдармен толықтырылады. Жалпы оқырмандар саны – 4906 , кітап берілім - 53359, келім саны - 30489. Электронды каталог көлемі – 12487 жазбаны құрайды.
Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары: мемлекеттік кызметкерлер, жұмыссыздар, оқушылар, студенттер, оқу орындардың оқытушылары және зейнеткерлер. Кітапхана қызметкерлері кітап беруден басқа ақпараттық мәдени көпшілік іс- шаралар өткізеді, кітап көрмелерінің тұсаукесерлерін, тақырыптық және әдеби кештер, хабарлама күндері, оқырмандар конференциясы, дөнгелек үстелдер, диспуттар, әңгімелер және басқа да іс- шаралар өткізеді.
Төтенше жағдайларға байланысты биылғы жылы 1196 мәдени көпшілік іс -шаралар өткізіліп, оған 18341 оқырман қатысты. Кітапхана бұл кезде өз жұмысын тоқтатқан жоқ қашықтықтан онлайн форматта әлеуметтік желілер арқылы 241 іс -шаралар өткізіліп, 31544 көрермен қамтылды. Өткізілген мәдени көпшілік іс -шаралар қала әкімінің, мәдениет бөлімінің сайыттары арқылы да жарнамаланып отырды. Кітапханада өткен көпшілік мәдени іс- шаралар туралы «Қостанай таңы», «Арқалық хабары» газеттерінің беттерінде мақалалар жазылды. «Арқа дидары» теледидар арқылы кітапхандағы өтілген іс- шаралар туралы үнемі хабарламалар беріліп отырады.
«Ауылым - алтын бесігім» жобасы негізінде Орталық кітапханада өлкетану бөлмесі жұмыс жасайды. «Кітапханаға кітап сыйла» жобасы аясында арнайы бөлме ашылды.
#bizbirgemiz
Instagram-cbs.arkalyk,
Facebook-
https://www.facebook.com/phofile.php?id=100049643914109