Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Аңғар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының көсемі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановқа арналған «Әлихан Бөкейханов – тарихтағы басты тұлға» атты тарих сабағы өтті.

Іс-шараның мақсаты – Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін таныстыру, оқушылардың тарихи білімін тереңдету, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

Тарих сабағы кіріспе сөзбен басталып, кітапханашы Әлихан Бөкейхановтың қазақ халқы үшін атқарған қызметіне, Алаш қозғалысындағы жетекші рөліне, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресіне кеңінен тоқталды. Сабақ барысында тарихи деректер, көрнекі материалдар мен тақырыптық кітап көрмесі ұсынылды. Оқырмандар белсенді түрде сұрақтар қойып, пікір білдіріп, тарихи тұлғаның ел болашағы үшін жасаған еңбегін талқылады. Пікір алмасу арқылы қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, тұлғаның тарихи маңызын тереңірек түсінді. Іс-шара оқырмандардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық сананы қалыптастыруға ықпал етті.