Аңғар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековке арналған «Ұлт рухын дәріптеген – Өзбекәлі Жәнібеков» атты шығармашылық кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты – қайраткердің өмірі мен қызметін таныстыру, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды насихаттау, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру.
Кеш кітапханашының кіріспе сөзімен ашылып, Өзбекәлі Жәнібековтің ұлттық мәдениет, салт-дәстүр мен тарихи мұраны сақтау жолындағы сіңірген еңбегі кеңінен таныстырылды. Қатысушыларға оның өмір жолы, ел дамуына қосқан үлесі, ұлттық құндылықтарды жаңғыртудағы рөлі туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру және ұлттық мұраларды қорғау бағытындағы қызметі ерекше атап өтілді.
Іс-шара аясында тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, шығармашылық нөмірлер ұсынылды. Қатысушылар өлеңдер оқып, ұлттық рухты көтеретін әдеби-музыкалық композициялар орындады. Кеш мазмұнды пікір алмасумен жалғасты.
Шығармашылық кеш қатысушылардың ұлттық тарихқа, рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталды.






