Аққошқар ауыл кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Ұлт рухының айнасы» атты портреттік көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – қаламгердің бай әдеби мұрасын, азаматтық ұстанымын, ел тарихы мен тіл тағдырына қосқан зор үлесін оқырмандарға кеңінен насихаттау.Көрме барысында ақынның өмір жолы, шығармашылық белестері мен қоғамдық қызметі туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, оның поэзиялық жинақтары, ғылыми-зерттеу еңбектері және мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалары көпшілік назарына ұсынылды.
«Ұлт рухының айнасы» атты көрме арқылы оқырмандар ақын шығармаларындағы ұлттық болмыс, тарихи сана, тіл мен мәдениет мәселелерін тереңірек танып, рухани құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік алды.Іс-шара жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталып, мерейтой иесінің өнегелі өмірі мен шығармашылығын кеңінен танытуға зор үлес қосты.







