Қайыңды ауылдық кітапханасында отбасы күніне орай "Отбасы құндылықтары сарқылмас қазына" атты тақырыпта көпбалалы отбасымен сыр-сұхбат өткізілді.Кездесуге күміс алқа иегері, көпбалалы жас ана - Ерман Қарлығаш Сағатқызы қатысты. Жас ана өзінің мектепте оқитын ұлы мен кішкентай екі бүлдіршінін ерте келіп,отбасындағы студент балалары туралы,кішкентай балаларының тәтті қылықтарын , жанұядағы береке мен татулықтың қағидаларымен бөлісті.Қазақстанда тұратын әр отбасыға амандық пен татулық тілейміз!