Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
"Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" ММ
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Аққошқар ауылдық кітапханасында қазақ халқының жыр алыбы, айтыс өнерінің дүлділі Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шыңармашылығына арналған «Жыр алыбы-Жамбыл» атты көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты-оқырмандарға аққынның бай мұрасын таныстыру,оның отан сүйгіштігін,ел бірлігіне, адамгершілікке үндейтін шығармаларын насихаттау.
Көрмеге ақынның өмірбаяны, жыр жинақтары, зерттеу еңбектері мен мерзімді басылым материалдары қойылды. Оқырмандарға кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, ақын шығармаларының тарихи маңызы туралы мағлұмат берілді.
Көрме барысында жас оқырмандар Жамбыл өлеңдерінен үзінділер оқып, өз пікірлерімен бөлісті.
Арнау көрмесі оқырмандардың қызығушылығын арттырып , қазақ әдебиетінің классигіне деген құрмет сезімін нығайтты.