Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Кітап  беттеріне  саяхат» кітап көрмесі

Орталық  кітапхананың  балалар бөлімінде  III – бөлімнен тұратын  кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Әр бөлімнің тақырыбына сай  бірнеше әдебиеттер мен дәйек сөздер, фото суреттер қойылған. 

I – бөлім: «Мерейтой иелері» деп аталады. Онда балалардың сүйікті жазушысы Ермек Өтетілеуовтың 80 жасына орай «Бала тілін тапқан ақын» атты көрмеде ақынның өмірі мен бірнеше мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Анаммен оқып үйренемін» айдарымен шыққан әріптер мен дыбыстарды буынға бөліп оқып үйреніп қана қоймай, ойлау қабілетін арттыратын танымдық тақпақтардан топтастырылған әдәбиеттер қойылған.

II – бөлім: «Менің сүйікті кітаптарым» мұнда оқырмандардың сүйіп оқитын әдебиеттері ұлы орыс жазушыларының мысалдары тағы басқа әдебиеттер қойылған. Біз осындай кітап көрмелері арқылы оқырман қауымға әр түрлі қызықты көркем әдебиеттерді ұсынамыз.

III – бөлім «Энциклопедия әлемінде» деген тақырыпта балаларға арнап қысқаша түрлі мағлұматтарға толы яғни, «Мультфильм кейіпкерлері»«Ойыншықтардан роботтарға дейін»«Энциклопедия праздников» тағы басқа кітаптар қойылған. Көрменің мақсаты: кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, кітапқа қызығушылықты арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту. Көрме 1 тоқсан бойы оқырмандар назарында насихатталуда.