Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

«Бағы асқан, дәулеті тасқан Қазақстан» 

«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ Орталық кітапханасының оқу залы бөлімінде «Бағы асқан, дәулеті тасқан Қазақстан" атты үш бөлімнен тұратын кітап көрмелері құрылып оқырмандар назарына ұсынылды.

 

1 бөлім: «Рухани жаңғыру және ұлттық сана»

Тақырыбында Қазақстан Республикасы президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының 6 бағытты аясында қойылды.Ұлттық сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қалыптастыру мақсатындағы дәйек сөздер, саяси тақырыптағы әдебиеттер мен қатар қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығын, болашақ есігі латын әліпбиінде екендігі жөнінде жарияланған баспасөз беттеріндегі мақалалар қойылып оқырмандарға насихатталуда.

 

2 бөлім: «Төртінші өнеркәсіптік революция

жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндігі»

Тақырыбындағы Елбасы жолдауын насихаттауға байлданысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмедегі әдебиеттер арқылы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын төртінші өнеркәсіпті революция  жағдайындағы дамуының 10 бағыты цифрлы қазақстан бағдарламасын халық назарына ұсындық. 

 

3 бөлім: «Жаңа Астана – Қазақ жерінің төрі»

Тақырыбында Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына байланысты кітап көрмесі қойылды.

Көрмеге Елордамыз туралы дәйек сөздер, журналдар мен әдебиеттер қойылып оқырмандарға тоқсан бойы насихатталуда.

Оқу залы бөлімінің кітапханашысы: Мурзыгалиева Ж.С.