Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдістеме-бибилография бөлімі белгілі ақын, талантты қаламгер, көсемсөз шебері Назарбек Бектемісұлының туғанына 95 жыл толуына, этнограф, журналист-жазушы, ақын, әдебиетші-ғалым, сатирик Сейіт Кенжеахметұлының туғанына 85 жыл толуына, жазушы, публицист, қоғам қайраткері Қоғабай Сәрсекеевтің туғанына 85 жыл толуына, жазушы, филология ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салғарин Қойшығараұлының туғанына 85 жыл толуына, қаламыздың құрметті азаматы, өзінің саналы ғұмырын музыка саласына арнап келе жатқан, білікті маман, білгір басшылардың бірі – Әбенов Боранбай Қазбекұлының туғанына 75 жас толуына, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұқатовтың туғанына 75 жас толуына, қазақ журналистикасының белді өкілі, публицист, ғалым, жазушы Жұмабек Кенжалиннің туғанына 70 жыл толуына, Қазақстанның Халық ақыны, белгілі айтыскер Қонысбай Әбілдің туғанына 70 жыл толуына орай «Өлкеміздің қаламы ұшқыр талант иелері» атты өлкемізден шыққан ақын-жазушылардың мерейтойларына арналған жылдық тұрақты көрмесін ұсынады. Көрменің мақсаты Торғай даласынан шыққан дарабоздар мен таланттардың ұлт пен тарих алдында атқарған еңбектерін бағалау, құрмет көрсету, кейінгі ұрпаққа насихаттау. Құрметті оқырман сіздерді өлкемізден шыққан ақын-жазушылардың мерейтойына арналған жылдық кітап көрмемен танысуға шақырамыз!