Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Арқалық қаласының ақпараттық, мәдени, өлкетану және білім беру орталығы
AA+
«Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
Мекен жайы:
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Гагарин көшесі, 21
Жұмыс кестесі:
Кітапхана оқырмандарға сағ.: 9.00 - 18.00 жұмыс жасайды. Демалыс күні - сенбі, жексенбі Әр айдың соңғы жұма күні – тазалық күні
Телефон:
8 (71430) 211 - 44
Кіру
Тіркелу

Қазақ тарихының еншісіне айналған ұлы тұлғалар және олардың ұлағатты өмірі жер басып жүрген тірілер үшін мерей-мәртебе ғана емес, ең басты ұлттың мәдени-рухани деңгейінің көрсеткіші іспетті. Ұлы тұлғалары ретінде халықтың айқын да бедерлі айғағы ретінде ден қойылуы керек. Өйткені ұлы тұлғалардың өзі тарих еншісіне айналғанмен, олардың өнегелі өмірі бүгін мен болашаққа қызмет ететінін естен шығармауымыз керек.

Қазақтың ұланғайыр атырабында небір ғұлама ғалым, ақын-жазушы, жыршы термешілер дүниеге келді, «Жақсының хаты өлмейді,ғалымның хаты өлмейді» деп бекер айтылмаса керек, олардың есімі күні бүгінге дейін жаңғырып,қазақ тарихы мене мәдениетінің төрінен орын алып,жыл өткен сайын жасарып,есімдері ұлықталып келеді.

Осы орайда Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқу залы бөлімінде биылғы жылғы мерей той иелеріне арнап «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» деген атаумен жылдық тұрақты көрме жасақталып, 40 тан аса кітаптар қойылып,оқырман назарына ұсынылды. Нақтырақ айтып тоқталатын болсақ олар Қазақ Ислам дәуірінің жарқын өкілі, «Тарих-и- Рашиди» еңбегінің авторы, тарихшы-философ Мұхаммед Хайдар Дулатидің 525жылдығы. Қара қылды хақ жарып сөйлейтін, шешен сөздің шебері, әйгілі «Жеті жарғы» заңын құрастырушылардың бірі кіші жүзден шыққан Әйтеке бидің 380 жылдығы. Қазақ ән өнерінің жанашыры, этнограф, композитор, қазақ даласын кезіп жүріп алғаш болып қазақ әндерін жинақтап, нотаға түсірген, «Қазақтың 1000 әні» еңбегінің авторы Александр Виктрович Затаевичтің 155жылдығы. Күміс көмей әнші һәм жырау шешен қазақ ән өнерін аспандатқан, ән айта жүріп халқының ыстық ықыласына бөленіп «Боздаланың бозторғай» деген атқа ие болған Кенен Әзірбаевтің 140 жылдығы. Қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, тарихшы ғалым,қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері халқының жарық жұлдызы Мұхамеджан Тынышбайұлының 145жылдығы. Қазақ ғылымының атасына айналған қазақ халқының ХХ ғасырдағы басынан өткерген барша жетістігі мен жеңісінің, қиындығы мен қасіретің куәгері, күрделі кезеңнің бел ортасында жүрген қаһарманы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы. Қазақ даласында алғашқы болып археология мектебінің негізін салушы, этнограф, әдебиет-өнертанушы Әлкей Марғұланның 120 жылдығы және қазақ халқының әйгілі суретшісі, кескіндемеші Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерей тойларына арналады.

«Ұлы даланың Ұлы тұлағалары» тұрақты көрмесі, төрт тоқсан бойы кітапхана төрінде тұрып, кітапсүйер оқырманның көзайымына айналмақ. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті тұлғаларын оқырманға, жалпақ жұртышылыққа насихаттауда кітапхананың рөлі мен маңызы ересен зор екенін атап өтуіміз керек.